Жаңалықтар

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне «Желтоқсан – тәуелсіздік тірегі» желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өтті

Кітапхана шаңырығанда 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне «Желтоқсан – тәуелсіздік тірегі» атты желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өтті. Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау үшін ұйымдастырылған кездесу кешіне Жетісу облысының Әділет департаментінің бас маманы Айдархан Ешенов , Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі директордың тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Қайрат Кенжебаев, желтоқсан оқиғасының куәгері Салтанат Кусайнова мен Бақыт Тұрарова қатысты. Іс-шара барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, бір сәтке өткен күнге оралды. Тағылымды кеште желтоқсан оқиғасына қатысты әзірленген бейнеролик көрсетіліп, Талдықорған қаласының облыстық №1 мектеп – интернат арнайы кешені КММ - нің 6 сынып оқушылары мен Дәнеш Рақышев атындағы қазақ – мектеп инте...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.12.2024

Оқырмандардың сұранысы бойынша кітаптарды үйге жеткізу қызметі ұйымдастырылды

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханашылары арнайы тапсырыс бойынша 1 топ көз мүгедегі Толғанбаев Мұратхан Толғанбаевичқа Брайль қарпімен жазылған Абай Құнабаевтың «Қара сөздері», Берекет Барибаевтың «Қасым хан» атты кітаптары мен Дүйсенбай Досжанның «Келіншек асуы», Шәкен Күмісбаевтың «Қылмыскер құтылмайды» атты аудиокітаптарды үйлеріне жеткізу қызметін ұйымдастырды. Мұндай қызмет көрсету зағип және нашар көретін азаматтардың ақпаратқа және мәдениетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл олардың қоғамнан алшақтамай, білім алуға, рухани және интеллектуалды қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, үйге жеткізу қызметі оқырмандардың тұлғалық дамуына, шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоғаммен тығыз байланыс орнатуына септігін тигізеді.
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.12.2024

Жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақбілек» романын талқылау сағаты өтті

Бүгін кітапхана шаңырағында қазақ жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақбілек» романын талқылау сағаты өтті. Кеш барысында, аталмыш қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы бейнетаспада Жүсіпбек Аймауытовтың драматург, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі екендігі айтылды. Сонымен қатар, кітап көрмесінде «Күнікейдің жазығы», «Мен қалай үйлендім?» сынды кітаптары мен көп томдық шығармалар жиынтығы таныстырылды. «Ақбілек» туындысының желісіне талдау жүргізіліп, Ақбілек – қазақ ауылының сұлу қызы азаматтық соғыс кезінде оны ақ әскерлер тұтқынға алып, зорлық көрсеткені, қашып құтылғаннан кейін, ол ауылына оралғаны, бірақ өсек-аяң мен әділетсіздікке тап болғаны, қоғамның теріс көзқарасына қарамастан, Ақбілек өзін дамытуға күш салып, жаңа өмір бастағаны жайлы баяндалып және роман әйел тағдыры, қоғамның әділетсіздігі мен рухани жаңғыру туралы екендігі...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.12.2024

«Үздік оқырман - 2024», «Үш арыс – үш ғұмыр», «Ақпараттық ресурстардың дамуы – «Web-РАБИС» байқауларының қорытындысы

6 желтоқсан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Үздік оқырман - 2024», «Үш арыс – үш ғұмыр», «Ақпараттық ресурстардың дамуы – «Web-РАБИС» байқауларының нәтижесін жариялау мақсатында қорытынды іс-шара өткізілді. Кітап оқуға тарту, дәстүрлі оқуды сақтау және оқырмандарға стимул ретінде «Үздік оқырман - 2024» байқауы, облыс кітапханашыларының кәсіби сауаттылығы, жаңа ақпараттық технологияны жетік меңгеруі, кітапхана саласын одан әрі дамыту және оны жетілдіру үшін ақын, қоғам қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш арыс – үш ғұмыр» атты облыстық онлайн кітап көрмесі байқауы және кітапханалық «Web-РАБИС» бағдарламасы бойынша «Ақпараттық ресурстардың дамуы – Web-РАБИС» атты облыстық байқаулары қорытындыланды. Әділқазы алқасы шешімімен жылдың үздік оқырмандары анықталып, бірнеше номин...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.12.2024

«Әбіш Кекілбаев – ұлы тұлға» атты тарихи сағат өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Әбіш Кекілбаев – ұлы тұлға» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы жазушының өмірбаяны мен әдеби шығармашылығы туралы қысқаша шолу жасап, «Көрнекті жазушы – Әбіш аға» атты арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге «Әбіш Кекілбаев» энциклопедиясы, екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы, «Всполохи», «Мартовский снег» сияқты туындылары, сондай-ақ зағип оқырмандарға арналған кассета мен аудиодискілердегі жазушының басқа-да шығармалары қойылды. Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері белсене қатысып, жазушының өмір жолы мен туындылары туралы тың мағлұмат алды.Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.12.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика